08.05.2026
"Ұлы Жеңіс-ұрпаққа өнеге" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Соғыс – адамзат тарихындағы ең ауыр қасіреттердің бірі. Ол адамдарға қайғы мен мұң әкеледі. Соғыс кезінде мыңдаған адам өз үйінен айырылып, жақындарынан көз жазып қалады. Бейбіт өмір бұзылып, халықтың жүрегінде өшпес жара қалады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ халқы да үлкен ерлік көрсетті. Көптеген батырлар Отан үшін жанын аямай шайқасты. Олар бізге бейбіт өмір сыйлау үшін өз өмірлерін құрбан етті. Сол себепті батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Біз олардың алдында әрқашан қарыздармыз.
Соғыс тек майдандағы адамдарға ғана емес, балалар мен аналарға да ауыр тиді. Көптеген балалар әкесіз өсті, аналар көз жасын төкті. Адамдар аштық пен қиындықты бастан өткерді. Сондықтан бейбіт өмірдің қадірін білу – әр адамның міндеті.