«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бірлестік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Бирлестик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области».

Түлектердің ағаш егуі

05.05.2026

Мектеп ауласы бүгін ерекше көрікке бөленді. 11-сынып оқушылары «Түлектердің ағаш егуі» челленджі аясында табиғатқа деген қамқорлықтарын іс жүзінде көрсетіп, өз қолдарымен көшеттер отырғызды. Әрбір егілген ағаш — олардың балалық шақпен қоштасып, жаңа өмірге қадам басқан сәтінің символындай.
Бұл игі бастама тек мектеп ауласын көркейтіп қана қоймай, болашақ ұрпаққа қалдырылған жасыл мұраға айналары сөзсіз. Жас түлектер үшін бұл күн — естелікке толы, жүректе сақталатын ерекше сәт. Олар отырғызған әрбір тал уақыт өте тамырын тереңге жайып, биікке бой түзегендей, түлектер де өмір жолында биіктерді бағындыратынына сенім мол.

Просмотров: 356


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз және әлеуметтік желі!

Ұйымдар тізімі
Текст