«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бірлестік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Бирлестик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области».

Танымдық экскурсия

08.04.2026

9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Көкшетау жылу» мекемесіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Бұл сапар оқушыларға түрлі мамандықтардың қыр-сырын танып, болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар берді. Экскурсия барысында мекеме мамандары оқушыларды жылу энергиясын өндіру және тарату процесімен таныстырды. Оқушылар қазандықтардың қалай жұмыс істейтінін, жылу жүйесінің қала тұрғындары үшін маңызын және бұл саладағы мамандардың жауапкершілігін өз көздерімен көріп, тың мәліметтер алды. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелері мен техникалық талаптар туралы да түсіндірме жүргізілді. Мекеме қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, әртүрлі мамандықтардың ерекшеліктері мен қажетті дағдылары жайында айтып өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. 

Просмотров: 135


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз және әлеуметтік желі!

Ұйымдар тізімі
Текст