16.03.2026
Бұл күн Наурыз мейрамы мерекесіне арналған онкүндік – Наурызнама аясында өткізіледі.
Мақсаты
Бұл күннің негізгі мақсаты – адамдарды жақсылық жасауға, мейірімділікке, бір-біріне көмектесуге шақыру. Қоғамда жанашырлық пен адамгершілік құндылықтарды нығайту.
Бұл күні не істеледі?
Мұқтаж адамдарға көмек көрсету
Қарттар мен жалғызбасты адамдарға қамқорлық жасау
Қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру
Балалар үйлеріне, әлеуметтік мекемелерге қолдау көрсету
Қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау
Мағынасы
Қазақ халқы ертеден «Жақсылық жасасаң – өзіңе қайтады», «Асар», «Жылу жинау» сияқты дәстүрлер арқылы бір-біріне көмектесіп отырған. Қайырымдылық күні осы ұлттық құндылықтарды жаңғыртады.
Осы игі іске Бірлестік ауылының ЖОББ мектебінің оқушылары, ұстаздар ұжымы, қызметкерлері мен ата-аналары және ауыл тұрғындары белсене қатысты. Жиналған барлық азық-түліктер, жуу заттары, төсек-орын жабдықтары мен киім-кешектер үлестіріліп берілетін болады.