Текст
09.02.2026
"Бірлестік ауылының ЖОББМ" КММ-де "Тарих-өткенге сабақ, келешекке өнеге" тақырыбымен тарих пәні апталығы өтті. Апталық барысында түрлі сыныптан тыс сайыстар, ашық сабақ, қызықты тапсырмалар мен тарихи кино кештер ұйымдастырылып өткізілді. Апталықтың ашылуы және жабылуына орай салтанатты шарада ұйымдастырылды. Ұстаздар мен оқушылар өте белсенді қатысып, жоғары қызығушылық танытып, бір апта бойы тарих әлеміне сапар шекті. Тақырыптық көрме ұйымдастырылып, мектеп мұражайы мен дәліз апталыққа сай безендірілді. Жауапты пән мұғалімдері Утегенов Ардақ Хайруллинұлы мен Солтанбек Галия сайыстың жеңімпаздары мен белсенді қатысқан барша ұстаздар мен оқушыларды мадақтамамен марапаттап, арнайы сыйлықтар табыс етті.