«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бірлестік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.  
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Бирлестик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Боранбай Аягүл эссе

18.03.2019

                                       

Эссе

Зеренді ауданы

 Бірлестік орта мектебінің

10 сынып оқушысы

Боранбай Аягүл.

 

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ.

 

        «Ұлылық та,ұрлық та уақыт өте келе қалыптасады»,-дейді қазағымның қара сөзі мен нақылында.Біз қазір надандық пен имансыздықтың,жалған мен әділетсіздіктің,сыбайластық пен ұятсыздықтың,өсек пен өтіріктің түбіне кеткен ескі-құсқыша заттар секілді қоғамда өмір сүріп жатырмыз. «Заманды сөкпе қарағым,адамды сөк»,-деп әкем ылғи айтып отырады.Шынымен де заман емес өзіміз бір қара даққа айналып бара жатқандаймыз. «Ақша көрсе періште жолдан таят»демекші,мына бір өртесе күлге айналатын қызыл ақшаның құлына айналдық.Ақша десе көзіміз жайнап,сол үшін бір-біріміздің аяғымыздан шалып,ақша десе ақырып,қолымызды да қанға бояп алатын кез болды қазір.Қарап тұрсам қоғам ақшаны емес,ақша қоғамды билеп,төстеп тұрған секілді.Осы қызыл ақшаның арқасында қоғамымызда бір кетпес ауру,өшпес індет пайда болды.Сол бір зұлымдығымен қоса еліміздің келешегін қиып,алтын көпірден жасалған болашағымыздың қақпасына жеткізбей тұрған ол-жемқорлық деген індет.Кейде осы сөз қайдан бастау алды екен,мағынасы не екен деп ойланамын.Білесіздер ме мен осы бір сөзді төстеп тұрған шенеуліктерді ешқашан тоймайтын,жесе де жемедім дейтін үйрекке теңеймін.Адам баласы мал бағып жүріп қойына жем салса,сол бір табын қойы риза болып,сонысына маңырап алғысын жаудырғандай болады ғой.Ал,мына заманымыздағы шенеуліктер сол бір табын қойдың ісін жасай алмай тұрғаны ма?Ақиқаттың астары ащы болса да, мен бүгін барша шындықты осы  мақалама жазғым келіп тұр.Әттең,егер менің осы мақаламды миллионның ішіндегі бір шенеулік болса да оқып,мына он бес жасар қыздың жазғанын ойына түйсе екен деймін.Бірде тарих сабағы болып жатқанда апайым былай деген болатын: «Білесіңдер ме біз қазақ алтынның үстінде өмір сүріп жатсақ та,кедейдің күнін кешіп жатырмыз».Мен сол кезде ұстазымның сөзінің қандай терең екенін,қандай ащы екенін,қандай астарлы ақиқаттың жүзі екенін ұққандай болдым.Ия,біз қазақ алтын мен байлықтың үстінде шалқып өмір сүріп жатырмыз ба?Кемелденіп,тасып жатырмыз ба?Бұл ұят демей немене?.Сол байлықтың барлығы кімнің қалтасына барып түсіп жатыр екен?Елінің қалтасынан ұры сияқты ақырын жым-жыртсыз сыпырып алатын шенеулікте сонда ұят пен ардың мүлде болмауы ма?Мүмкін қазір олар өздерін бақыттымыз деп санайтын болар,елдегі заңнан құтылып қашар,бірақ ақыреттің заңынан қашып,құтыла алмас.Өткенде ғана еліміздегі бір шенеуліктің немересінің тойына елу тоғыз миллионның қаражатына тәтті тоқаш,яғни қазіргі тілмен айтқанда зәулім торт жасатқан болатұғын.Сол бір үш сағат үшін небір шетелден әнші шақыртып,бар қаражатын соған құйған.Осыны ойласам қаным басыма шабады.Біреудің ақшасын санау жаман көрінер бәлкім,бірақ өзіміздің ақшамызды өзіміз санамасақ оны әркім келіп керек емес жағдайына  жұмсап атырған жоқ па?Сол тәтті тоқашсыз да тойын өткізбесе болмас па еді?Соған берілген ақша қай балабақшаның,қай аурухананың қаражаты екен.Елімізде қаншама жетімдер үйі бар.Қазақ ешқашан жетімін жылатпаған халық.Сол бір панасыз қалған қандастарымызға сол ақшаның жартысын берсе,яки болмаса ауырып,сырқатынан айыға алмай жатқан қаншама жандардың еміне жіберсе қандай игі іс болар еді деп те ойлаймын.

Біреудің тауығын жесен,қаз байла,

Біреудің малын жесен,қыз байла.Артық сөзсіз-ақ  осы мақал менің айтқым келген бар дүниемді ақтарып,жайып салды-ау деймін.Бір мемлекеттің ішінде қанша шенеулік болса,әлемде солардың қаншауы бар екен?Қазақстан Республикасы жемқорлық жағдайынан бірінші орындардың қатарында тұрса керек.Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа күрестің тарихы 1992 жылдары бастау алған,әлі күнге арапалысып келе жатырмыз.Қазірде жемқорлық пен күрестің алдын алу шарттарына қарасақ.Өзінің лауазымдық тұлғасын асыра пайдаланып,қаражаттаттың барлық соммасын қалтасына салған шенеуліктерді Германияда алты және он жыл аралығында бас бостандығынан айырады екен,ал АҚШ-та бес жыл болса,Жапонияда жеті жыл бойы түрмеде отырады екен.Маған ең бір қатал болып көрінген ол Қытайдағы ұрлық жасағандарды тіпті өлім жазасына кесетіндері болды.Ия,бәлкім бұл тым қорқынышты әрі зұлым болып та көрінер, бірақ осынау ауыр жазаның арқасында Қытай халқында жемқорлық індеті ақырындап жойылып бара жатыр екен.Егер,әрбір елде осындай ауыр жаза қолданса әлемде жемқорлық деген сөз атымен өшіп,жоғалар еді деймін.Оқып отырсаңыз,қазір бұл мәселе тек Қазақстан үшін ғана емес,әлем үшінде өзекті.Еліміздің келешегі ол жастардың қолында.Ал жастарға үлгі ол-біздің аға-буын,әпкелеріміз.Көпке топырақ шашпаймын.әрине.Қазақстанды көркейтуге өзіндік үлестерін қосып жатқан қаншама жоғары биліктегі болсын,небір жұмыс орындардағы азаматтар болсын ел үшін бар жігерлері мен еңбектерін сарп етіп жатыр.Дегенмен,үкіметтен берілген ақша көзделген жеріне барып тисе жақсы болар еді.

Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,

Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.Менің бір арманым бар,сол арманымды осы мақаламда жазсам деймін.Елімізде қаншама ауыл бар,сол ауылдың санынан асар миллионерлеріміз бар.Егер республикадамыздағы әр миллионер өзінің жауапкершілігіне бір ауыл алып,сол ауылды көркейтіп,аурухана мен жаңа мектеп,небір күнделікті алатын керек-жарақтарымызды сататын дүкендер ашып,сол үшін жарты қаражатын төксе еліміз бір күннің ішінде әлеуметі де,мәдениеті де жоғарылап,басқа елдермен терезесі тең болар еді.Бұл жай ғана арман болса да,арманымның кішкене болсын орындалғанын қалаймын.

Телміріп алған теңгеден,

Тер төгіп тапқан теңге жақсы.Сонау ата-бабаларымыздың қан мен жасының арқасында алған тәуелсіздігімізден айырылмас үшін ең бірінші жемқорлық деген індетпен қош айтысайық.Рухани жаңғырып,отанымыздың абыройын көтерейік,бір шаңырақтың астында тату болайық.Менің қара қазағым ежелден арамдықтан ада,ешкімді жатсынбайтын,барлығын бауырына басқан ел болған.Сол бір адалдығымыздан айырылмай,арамдықтан ада болсақ соның өзі көңілімді тербетеді.Ел ертеңі жас ұрпақ қолында.Менде сол ұрпақтың бірімін.Ел ертеңі бүгіннен бастау алады,ендеше,болашақтың тізгінін ұстаған қазақ жастары Қазақстанның жарқын болашағы жолында еңбек етеді деп сенімді түрде алға қадам жасаймыз.Ел дегенде еміреніп,жұрт дегенде жүгініп қызмет етуге сөз беремін.Жемқорлықсыз елімді келешекте көремін,сол үшін жаным пида.Тәуелсіздіік тұғыры биік,мәртебең асқақ,бақытың мәңгілік болсын!

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Мы и социальные сети

    

Список организаций
Текст